Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің бапкері Эдди Рейносо ррта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) өтетін жекпе-жек алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен кейін сегіз фунтқа жуық салмақ қосатынын мәлімдеді.
"Салмақ өлшеу рәсімінен кейін біз жеті-сегіз фунт қосуды жоспарлап отырмыз. Кейбір боксшылар көбірек салмақ қосқанды жөн көреді, алайда "Канело" шаршы алаңда өзін емін-еркін ұстағысы келеді. Сол себепті де жеті сегіз фунттан асырмаймыз", - деп жазады BoxingScene Рейноссоның сөзін.
Қыркүйектің 15-нен 16-на қараған түні өтетін ресми салмақ өлшеу рәсімінде боксшылар орта салмақ дәрежесінің ережесіне сәйкес 160 фунтқа дейінгі көрсеткішті көрсетуі тиіс.
Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.
Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Жарнама