Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен кіші Хулио Сезаром Чавес арасындағы жекпе-жекте боксшылардың бірі нокаутқа түсуі әбден мүмкін екенін айтады, - деп хабарлайды BoxingScene.com.
Бұл жекпе-жек 6 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile Arena шаршы алаңында 164,5 фунт аралық салмақта өтеді. Кездесуді HBO арнасы ақылы жүйеде (PPV) көрсетеді.
"Бұл нағыз шайқас болады, оған сенімдімін, боксшылардың әрқайсысы қолынан келгенінің бәрін істейді. Бұл жекпе-жекте осы үшін ұйымдастырылып отыр, адамдардың сұрауы бойынша. Мұны бүкіл Мексика тамашалайды. Бір жақтан бокстың еш жарық жұлдызы Сауль "Канело" Альварес, ал екінші жаөтан - кіші Хулио Сезар Чавес, Мексиканың ең даңқты боксшыларының бірі болған Чавестің ұлы. Біз сауалнама жүргіздік және қатысушылардың 99,9 пайызы бұл жекпе-жек нокаутпен аяқталатынына сенімді. Бұл жанкүйерлердің көргісі келетін жекпе-жек, міне сондықтан біз оны ұйымдастырып отырмыз", - дейді промоутер Нью-Йорктегі баспасөз туры кезінде.
Мұның алдында Оскар Де Ла Хойя PPV-сатылымнан не күтетінін айтқан. Бұл жекпе-жектен промоутер миллионнан аса пайда түседі деген болжам жасап отыр.

Жарнама