Профи-бокс
19 қараша 2021 12:17
 
Альварес аса ауыр салмаққа ауысып Усикпен жекпе-жек өткізуі мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Альварес аса ауыр салмаққа ауысып Усикпен жекпе-жек өткізуі мүмкін ©instagram.com/canelo

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) 90,7 келі болатын аса ауыр салмаққа ауысуы да мүмкін екенін айтады. Оның пікірінше, "Канело" бір күні украиналық Александр Усикпен (19-0, 13 КО) де кездесуі ықтимал екен. 

"Канело" мен оның бапкері Рейноса жаңа салмақтарды бағындырғысы келеді. Оларға орта деңгейдегі боксшылар қызық емес. Әрбір кездесу олар үшін маңызды болуы керек. Сауль ұлы боксшы болғысы келеді. Менің ойымша, Илунга Макабумен кездесуі - Альварес үшін жақсы таңдау. Бұл айқас көпшіліктің назарын аударады. Дегенмен қауіпті болатыны да жасырын емес. 

Маған сенсеңіздер, ол тіпті аса ауыр салмақта да жұдырықтасады. Усик ауыр салмақтағы өте мықты боксшы. Сонымен қатар, Тревор Брайан да чемпион. "Канело" бұл екі боксшымен де кездесуі ықтимал", - деп келтіреді Хирннің сөзін vringe.com порталы. 

Еске салайық, Альварес WBC ұйымының Мексикада өткен Конгрессінде орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен де (41-1-1, 36 КО) үшінші рет кездесуге дайын екенін мәлімдеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!