2 қазан күні Алматы қаласында өтуі керек болған бокс кеші кейінге шегерілді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Қазақстан мен Ресей шекарасындағы жағдайдың тұрақсыздығы, ресейлік боксшылардың келуінің қиындауы, сонымен қатар, қазақстандық боксшылар, ұйымдастырушылар, қонақтар мен түсірілім тобының әуе рейстеріне арналған билеттерінің қымбаттап кетуіне байланысты бұл кеш кейінге шегеріледі. Біз қысқа уақыттың ішінде кардты ауыстыра алмаймыз. Жекпе-жек кешінің енді нақты қашан болатыны туралы қосымша ақпарат жуырда жарияланады", - делінген ұйымдастырушылар таратқан ақпаратта.