Али Ахмедовтің 20 күнге жоспарлаған екі кездесуінің біреуі өтпейтін болды
Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Али Ахмедовтің (16-1, 12 КО) жоспарлаған бір кездесуі өтпеуі мүмкін, деп жазады Vesti.kz порталы.
Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Али Ахмедовтің (16-1, 12 КО) жоспарлаған бір кездесуі өтпеуі мүмкін, деп жазады Vesti.kz порталы.
Ахмедов тамыз бен қыркүйекте 20 күн ішінде екі кездесу өткізуді жоспарлаған еді. Бірақ бізге жеткен ақпарат бойынша, қазақстандық боксшының бір кездесуі өтпейді. Нақтырақ айтсақ, 26 тамызда Коста-Меса (Калифорния штаты, АҚШ) қаласында жоспарланған айқас. Бұл жекпе-жекте Ахмедов мексикалық Рикардо Адриана Луна Флореспен (23-8-1, 15 КО) кездесуі керек еді. Бірақ бүгін BoxRec.com порталы бұл кездесуді алып тастады.
Енді ол 16 қыркүйек күні Монтебелло қаласында перулік боксшы Давид Сегаррамен (34-5, 21 КО) кездесуі керек.
Негізі Ахмедов Сегарра қарсы 1 тамыз күні Альбукерке (Нью-Мексико штаты, АҚШ) қаласында өткізуі керек еді. Алайда айқасқа бір күн қалғанда қарсылас коронавирус жұқтырып, жекпе-жек өтпей қалды.
Жарнама