Әли Ахмедов WBC кеңесінің тағы бір белбеуіне таласуы мүмкін
Кәсіпқой бокстағы жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін 21 жастағы отандасымыз Әли Ахмедов тамыз айында Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) жастар арасындағы чемпион атағы үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін.
Шамамен жекпе-жек 19-тамызға белгіленіп отыр. Бұл қазақстандық боксшы үшін белбеу үшін өткізетін екін кездесуі болмақ. Қазіргі уақытта отандасы WBC кеңесі белбеулерінің қатарына кіретін NABF белбеуінің иегері.
WBC кеңесінің жастар арасындағы чемпиондық белбеуі соңғы рет өткен жылдың қараша айында сарапқа салынған еді. Германияның бас шаһары Берлинде өткен кездесуді Тони Крафт (11-0-1, 3 КО) ұпай саны бойынша танзаниялық Абдаллаз Пазивапазиден (17-5-0, 16 КО) айласын асырып, белбеудің иегері атанды.
WBC кеңесінің жастар арасындағы чемпиондық белбеуінің ең танымал боксшысы Андржей Фонфара (29-5-0, 17 КО). Польшалық боксшы бұл белбеуді 2010 жылы жеңіп алды. Бұл кездесуден кейін Фонфара WBC белбеунің негізгі чемпионы канадалық Адонис Стивенсонмен кездесу өткізуге мүмкіндік алып, бірақ екі кездесуде де жеңіліс тапты.
Еске салайық, Әли Ахмедов кәсіпқой бокста жеті кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Соңғы кездесуін отандасымыз 30 маусым күні Кент Холландпен кездесіп, қарсыласын бір жарым минуттың ішінде нокаутқа түсіріп, NABF белбеуін жеңіп алды.

Жарнама