Әлем чемпионы Головкинмен кездесуі қашан өтетінін айтты
Орта салмақта WBA белбеуінің уақытша чемпионы Крис Юбенк (30-2, 22 КО) осы салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 KO) қашан кездесу өткізетінін айтты.
Орта салмақта WBA белбеуінің уақытша чемпионы Крис Юбенк (30-2, 22 КО) осы салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 KO) қашан кездесу өткізетінін айтты.
Осыған дейін британдық бокшы Головкиннің командасы жекпе-жек өткізуге ниет білдіргені туралы айтқан болатын. Юбентің айтуынша, ол Головкинмен бұрыннан бері кездесуді ойластырып жүрген екен.
"Мен бұрыннан бері Головкинмен ойлап жүрмін. Менің ойымша жанкүйерлер біздің кездесуді асыға күтіп жүр. Ол (Головкин) келесі кездесуін Риото Муратаға қарсы өткізеді. Сол үшін біздің кездесуіміз биыл өтпейтін шығар. Біздің айқас сегіз не тоғыз айдан кейін өтеді деп ойлаймын. Осы кездесуді ұйымдастыру үшін барлығын істейміз.
WBA белбеуінің уақытша чемпионы ретінде Головкиннің бірінші қарсыласы мен болу керекпін. Сондықтан мен тек дайын болуы керек", - деп келтіреді Ювенктің сөзін Boxingscene.com порталы.
Айта кетейік, негізі Юбенк пен Головкин 2016 жылы кездесуі керек еді. Бірақ ол кезде британдық боксшы жекпе-жектен бас тартты.
Еске салайық, Головкин желтоқсанның соңында орта салмақта WBA ұйымының "суперчемпионы" Риото Муратамен (16-2, 13 КО) кездесу өткізуі керек.
Жарнама