Әлем чемпионы Биволдан жеңілген "Канелоны" мазақ етті
Орта салмақта WBO белбеуінің иегері америкалық Деметриус Андраде Сауль "Канело" Альварестің ресейлік Дмитрий Биволдан жеңілгеніне байланысты ойын айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Орта салмақта WBO белбеуінің иегері америкалық Деметриус Андраде Сауль "Канело" Альварестің ресейлік Дмитрий Биволдан жеңілгеніне байланысты ойын айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Канело" мен Бивол арасындағы кездесу 8 мамыр күні өтті. Лас-Вегаста болған айқаста төрешілер 12 раундтың қорытындысы бойынша жеңісті ресейлік боксшыға берді.
"Альварес мені нашар боксшы деп еді. Енді оның өзін быт-шыт етіп сабады. Мен "Канелоның" жеңілгеніне таңқалған жоқпын. Көп адамдар Саульді жартылай ауыр салмақты бағындырады деген болатын.
Бірақ оның жоспары іске аспады. "Канело" Сергей Ковалевпен кездесу үшін менен қашқан еді. Енді кел, жұдырықтасайық. Мен саған бокстың қарапайым тактикасын көрсетіп жіберейін", - деп келтіреді Андраденің сөзін Fighter_channel телеграм арнасы.
Жарнама