Бокс
21 тамыз 2022 10:07
 

Александр Усик екінші кездесуде Энтони Джошуаны жеңді

  Пікірлер

blog.share

Александр Усик екінші кездесуде Энтони Джошуаны жеңді ©twitter.com/MatchroomBoxing

Украиналық боксшы Александр Усик (20-0, 13 KO) екінші кездесуде ұлыбританиялық боксшы Энтони Джошуаны (24-3, 22 KO) жеңді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

Украиналық боксшы Александр Усик (20-0, 13 KO) екінші кездесуде ұлыбританиялық боксшы Энтони Джошуаны (24-3, 22 KO) жеңді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Джидда (Сауд Арабиясы) қаласында өткен кездесу 12 раунда жалғасып, оның қорытындысы бойынша төрешілер 113-115, 116-112, 115-113 есебімен жеңісті украиналық боксшыға берді. Осылайша, ол өзіне тиесі аса ауыр салмақтағы WBA Super, WBO, IBF және IBO белбеулерін қорғап қалды. Сонымен қатар, Усик бос тұрған The Ring журналаның чемпиондық белбеуін де иемденді. 

Усик бұл кездесуді бірден қарқынды бастады. Ал Джошуа тек екінші раундтан бастан белсенді болды. Негізі айқас барысында үстемдік бір боксшыдан екінші боксшыға ауысып тұрды. Бесінші раундта Джошуа белден төмен ұрып жіберді. Ал оныншы раунда Александр шаршап қалғандай көрініп, көп соққы жібере бастады. 12-ші раундта Джошуа бар күшін қосқан еді, бірақ, қарсыласын нокаутқа түсіре алды. 

Еске салайық, бұл боксшылар арасындағы бірінші жекпе-жек 2021 жылдың қыркүйек айында "Уэмбли (Лондон, Англия) өтіп, ол айқаста Усик 117-112, 116-112, 115-113 есебімен жеңген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!