Алдағы уақытта Канчионы қалайда қарымта айқасқа шақырамын - Айдар Шәрібаев
Американың Индио қаласында кәсіпқой бокстағы сегізінші жекпе-жегін өткізген жерлесіміз Айдар Шәрібаев елге келгендегі алғашқы сұхбатын беріп, WBA Inter-Continental чемпиондық белбеуі үшін айқаста америкалық Эндрю Канчиодан жеңіліп қалуының себебін түсіндірді.
– Айдар, АҚШ-та өткізген айқасыңыздан бері біршама уақыт өтті. Ойланып, қорытынды шығаруға мүмкіндік болды. Қазір қалай ойлайсыз, сол сәтсіздіктің себебі неде?
– Қазір бірнәрсе десек ақталғандай боламыз ғой. Оны түсінетіндер де, түсінбейтіндер де табылады. Мен үшін бұл сынақ. Бәлкім, Жаратқанның қалауы осылай болған шығар. Дегенмен, салмақ қуғаным да әсер етті ме деп ойлаймын. Бұған дейін 135 фунтта жұдырықтасып жүрдім де, 130 фунтқа түсіп, бірден чемпиондық жекпе-жекке кірісіп кеттім. Алдымен осы салмаққа аздап бейімделіп, 1-2 рейтінгтік кездесулер өткізіп алуым қажет пе еді. Бірден чемпиондық белбеуге таласып, асығыстық жасаған сияқтымын. Бірақ, «Тәуекел түбі – жел қайық» дейтін халықпыз ғой. Мұндай жекпе-жекке шығу мүмкіндігі туғанда қарап қалуды немесе бас тартуды жөн көрмедім. Ыңғайы келіп қалған екен, тәуекелге барғым келді. Күшіме сенімді болдым. Алайда, төмен салмаққа түскенде алдымен соған бейімделіп алған дұрыс екен. Бір жағынан әу баста маған қарсы басқа боксшы шаршы алаңға шығуы тиіс болатын. Солақай боксшы еді. Соған дайындалып жүрдім. Бірақ, бір апта қалғанда қарсыласым ауысып кетті. Әлбетте, өзімді ақтау үшін айтып отырған жоқпын. Мұның барлығы мен үшін үлкен сабақ болды. Енді шаршы алаңға бұрынғыдан да мықты болып ораламын.
– Ал қазіргі жағдайыңыз қалай?
– Алматыдамын. Отбасымның қасында демалып жатырмын. Дегенмен, көп ұзамай қайта жаттығуға кірісемін. Жеңіліп қалдым екен деп еңсе түсіруге болмайды. Бұл жеңіліс мені бұрынғыдан да мықты етіп, жігерімді екі есе қайрайды. Әйгілі Бернард Хопкинс, Хуан Мануэль Маркестер, тіпті өздерінің алғашқы жекпе-жектерінде-ақ жеңілген. Ал Роман Гонсалесті тізерлеткен тай боксшысы Висаксил Вангек өзінің алғашқы бес жекпе-жегінің үшеуінде ұтылып, біреуінде тең түскен екен. Есесіне бүгінде ол боксшыларды күллі әлем мойындайды. Олардың қайсарлықтары маған үлгі.
– Бұрынғы салмағыңызға қайта оралу ойыңызда бар ма?
– Әзірге ол жағын ойлап жатқан жоқпын. 130 фунтта қала беретін шығармын. Тек осы салмаққа бейімделе түсуім керек екен. Егер екінші жартылай жеңіл салмақта 2-3 рейтинтік кездесулер өткізер болсам, бабыма келемін деп ойлаймын. Соққыларымның да қуатын қайтарып аламын. Ағзамды өзгерістерге үйретіп алсам болды.
– Болашақта Эндрю Канчионы қарымта айқасқа шақырғыңыз келмей ме?
– Егер алдағы уақытта Канчиомен қайта кездесер болсам, онда қалайда жеңуге тырысамын. Ол кезде бәрі басқаша болады. Индиода да соққыларымды дөп тигізіп жаттым. Бірақ, жаңа салмаққа бейімделмегеннің әсері болар, соққыларым әлсіз шығып жатты. Оны өзім де сездім. Ал алдағы уақытта Канчионы міндетті түрде реваншқа шақырамын. Жалпы, түсінгенім, қиын сәттерде де қолдайтын жанкүйерлер көп екен. Сол жекпе-жектен кейін хабарласып, хат жазып, сүйеніш болған жанкүйерлер өте көп болды. Бұл да қазақтың дархан көңілінің белгісі шығар. Бәріне де алғыс білдіремін. Екі есе қуат беріп, жаттығуға құлшына кірісуіме себеп болатын сол жанкүйерлерімнің қолдауы.

Жарнама