Профи-бокс
13 қаңтар 2018 14:56
 
АҚШ-та қазақстандық боксшы қатысқан жекпе-жек өткізілмеді деп есептелді

  Пікірлер

blog.share

АҚШ-та қазақстандық боксшы қатысқан жекпе-жек өткізілмеді деп есептелді © instantboxing.com

Қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов пен америкалық Морис Чалмерстің жекпе-жегі өткізілмеді деп танылды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу жартылай орта салмақ лимитінде өтуі тиіс болған. Боксшылар салмақ өлшеу рәсімін де сәтті өткізген еді. Жекпе-жек алты раундтан тұрады деп есептелді.

Алайда BoxRec сайтында жекпе-жектің нәтижесі NC (No contest) деп көрсетілген, бұл кездесудің өткізілмеді деп танылғанын білдіреді. Бастарының соғылып қалуынан Эюбовтың қарсыласының қабағы жарылған. Дәрігер жекпе-жекті тоқтату керегін айтқан. Сөйтіп, рефери жекпе-жекті тоқтатып, өткізілмеді деп есептелетінін хабарлаған.

Қазақстандық боксшы өткізілмеді деп есептелген жекпе-жегіне қатысты пікірін айтты.

"Жағдайым өте жақсы. Жекпе-жектің қалай өткенін көрермендердің барлығы көрді. Нокаутқа түсірейін деп едім, қарсыласымды құлатуыма аз қалған еді. Ол менің күшіме қарсы тұра алмады, сөйтіп басын төмен сала берді. Маңдайыма соғылып, қабағы жарылды. Соғылып қалардың алдында қатты соққы бердім. Міне, бітті деп ойладым. Ақыры ол бәрін құртты.

Жеңісті маған неге бермегендерін түсінбедім. Мен басымдық таныттым. Барлығы көрді, өзім де америкалықтың қазір құлайтынына сенімді болдым. Өкінішті, ереже сондай. Мен өзім техникалық нокаутпен жеңдім деп есептейтін. Әділетсіздік болды. Оны жақсылап қалтыраттым. Өз рекордым деп есептеймін 14-0, 12 KO", - деді жекпе-жектен соң Эюбов.

Порталдың мәліметінше, олардың жекпе-жегі бокс кешінің басты оқиғасы Кларесса Шилдс - Тори Нелсон кездесуінің андеркартына енгізілген.

Жарнама

Живи спортом!