Кәсіпқой бокс
1 маусым 2022 17:30

АҚШ-та жұдырықтасатын тағы бір қазақстандық боксшының қарсыласы анықталды

©Suleimen Promotions

Екінші жеңіл салмақта WBA International белбеуінің иегері қазақстандық Евгений Павлов (6-0, 4 КО) келесі кездесуін 4 маусым күні өткізеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Инсайдер Дэн Рафаэльдің ақпараты бойынша, Павловтың қарсыласы мексикалық Алексис Салидо (2-2, 1 КО) болады. Бұл Евгений Павлов үшін АҚШ жеріндегі бірінші кездесуі. Айқас алты раундқа жоспарланған. 

Миннеаполис (Миннесота, АҚШ) қаласында өтетін бұл бокс кешінің басты айқасында америкалық Стивен Фултон отандасы Даниэль Романомен екінші жеңіл салмақта WBC және WBO белбеуіне таласады. 

Айта кетейік, Павлов кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуін 24 желтоқсан күні Мәскеу (Ресей) қаласында өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша Венесуэла елінің өкілі Эдиксон Перестен (26-8, 20 КО) айласын асырды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport