Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова келесі жекпе-жегі үшін келісімшартқа отырғанын мәлімдеді.
"Сәлем достар! Жақсы жаңалықтар! Мен келесі жекпе-жегіме қол қойдым! Біз қуаныштымыз және баруға дайынбыз! Жекпе-жек 4 тамызда өтеді. Толығырақ ақпарат алу үшін хабарда болыңыз", - деп жазды боксшы Instagram желісінде.
Еске салайық, боксшы соңғы жекпе-жегін ағымдағы жылдың 19 маусымында American Commerce (Калифорния) шаршы алаңында гаитилік Джайка Павилусқа қарсы өткізген болатын.
Алты раундқа созылған жекпе-жекте Сатыбалдинова төрешілер шешімімен жеңіске жетті.