Кәсіпқой бокс
21 сәуір 2018 10:36
 

Аида Сатыбалдинова кәсіби бокста екінші кездесу өткізетінін жариялады

  Пікірлер

blog.share

Аида Сатыбалдинова кәсіби бокста екінші кездесу өткізетінін жариялады Аида Сатыбалдинова. © instagram.com/lady_sparta

Қазақстандық боксшы қыз Аида Сатыбалдинова Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында кәсіби рингтегі екінші жекпе-жегіне шығатын қарсыласын таңдау жөнінде айтып берді.

blog.share

Қазақстандық боксшы қыз Аида Сатыбалдинова Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында кәсіби рингтегі екінші жекпе-жегіне шығатын қарсыласын таңдау жөнінде айтып берді.

Сатыбалдинова ертең, 22 сәуірде жұдырықтасады. Мексикалық Аннет Пабеллоға қарсы кездесуі Тихуанада (Мексика) өтеді.

"Салмақ өлшеу рәсімі сәтті өтті. Ертең Тихуанада жұдырықтасамын. Қарсыласым ретінде мексикалық боксшы Аннет Пабеллоны таңдадым. Неліктен Мексикада жұдырықтасамын дейсіз ғой? Мексикалықтардың да жекпе-жек өткізу мәнері - агрессивті. Маған қазір мықты қарсыластар керек. Сондай-ақ, түрлі стильде болса. Маған өсу керек, икемімді дамыта түсу қажет",- деді Сатыбалдинова.

Пабелломен жекпе-жектен кейін, боксшы қыз 28 сәуірде АҚШ-та келесі кездесуін өткізеді.

Еске сала кетейік, Сатыбалдинова 17 наурызда АҚШ-та кәсіби рингтегі тұңғыш жекпе-жегін өткізді. Ол кезде қарсыласы америкалық Лиза Портер болды. Жекпе-жек төрт раундтан тұрды, алайда төрешілер кімнің мықты екенін анықтай алмады.

2017 жылдың соңында Сатыбалдинова кәсіби бокста еңбек жолын бастау үшін АҚШ-қа аттанды. Ол Америкада бір жекпе-жек өткізді, бірақ әуесқой бокстың ережелері бойынша мексикалық Санди Флоресті жеңді.

Америкалық БАҚ Сатыбалдинованы отандасы Геннадий Головкинмен салыстырады. Қазақстандық боксшы қызбен жұмыс істеуге америкалық бапкер Фредди Роуч қызығушылық танытқан, ол филиппиндік Мэнни Пакьяомен қызметтес болған еді. 

Жарнама

Живи спортом!