Профи-бокс
14 наурыз 2017 14:31
 

Адамдар Головкиннің соққысына тәнті болып, оның осал тұстарын көрмейді - Джейкобс

  Пікірлер

blog.share

Адамдар Головкиннің соққысына тәнті болып, оның осал тұстарын көрмейді - Джейкобс © vk.com/ggolovkin

Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) барлық әлсіз жерлерін біліп алғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Менің ойымша барлығы Головкиннің әлсіз жақтарын біледі. Негізінде Головкиннің күші адамдарды баурап алғаны соншалық, олар оның осал тұстарын көруден бас тартады. Менің мақсатым - өзімнің ең мықты қырларымды көрсетіп, оның мықты тұстарын төмен етіп көрсету. Егер мен қорғаныста жақсы бола білсем, мені жақсы кеш күтіп тұр.

Бұл жекпе-жекте мен барлық қарумды қолданамын, себебі оның бар күшіне мен тойтарыс беруім керек. Егер кейбір дүниелер іске аспай жатса, біз басқа жоспарға көшеміз", - деді Джейкобс RingTV арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді. Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.

blog.share
Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) барлық әлсіз жерлерін біліп алғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды
vesti.
kz/">Vesti.
kz
.


"Менің ойымша барлығы Головкиннің әлсіз жақтарын біледі.
Негізінде Головкиннің күші адамдарды баурап алғаны соншалық, олар оның осал тұстарын көруден бас тартады.
Менің мақсатым - өзімнің ең мықты қырларымды көрсетіп, оның мықты тұстарын төмен етіп көрсету.
Егер мен қорғаныста жақсы бола білсем, мені жақсы кеш күтіп тұр.


Бұл жекпе-жекте мен барлық қарумды қолданамын, себебі оның бар күшіне мен тойтарыс беруім керек.
Егер кейбір дүниелер іске аспай жатса, біз басқа жоспарға көшеміз", - деді Джейкобс RingTV арнасына берген сұхбатында.


Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді.
HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді.
Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді.
Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.

Жарнама

Живи спортом!