Профи-бокс
11 сәуір 2017 10:14
 
Абель Санчес Головкиннің жарақат алғанын растады

  Пікірлер

blog.share

Абель Санчес Головкиннің жарақат алғанын растады ©HBO.com

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшы америкалық Дэниэл Джейкобсқа (32-2, 29 КО) қарсы өткізген кездесуде жарақат алғанын растады. 

"Головкин Джейкобспен өткізген кездесуден кейін шамалы мазасы болмай тұрды. Өйткені, ол 12 раундтық кездесу өткізді ғой. Мен мұны негізі бірінші күні киім ауыстыратын бөлмеден байқаған жоқ едім. Әдетте жарақат жекпе-жектен екі не үш күн өткеннен кейін байқала бастайды. Бірақ мен оны тексерген жоқпын. Біз Головкинмен бірге ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келеміз. Сондықтан оның жарақаты ауыр болатын болса, бірінші кезекте ол маған айтар еді. Алайда Головкин шағым айтатын боксшылардың қатарынан емес. Бұл жекпе-жектен кейінгі болатын кішігірім жарақаттар. Себебі жекпе-жек қиын болды", - дейді Санчес Yahoo! Sports порталына берген сұқбатында. 

Айта кетейік, бұған дейін орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерстің (24-0, 12 КО) промоутері Фрэнк Уоррен екі боксшының командалары арасындағы келісімшарт Головкиннің жарақат алып қалуына байланысты созылып жатқанан айтқан еді. Бірақ ол кезде Санчес бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

Кеше бірнеше шетелдік БАҚ өкілдерінің мәліметі бойынша, Головкин 10 маусымда Қазақстанда өтуі мүмкін деген Сондерске қарсы жекпе-жектен бас тартқанын хабарлады. Британдық боксшының орнына отандасымыз мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (48-1-1, 34 КО) қыркүйек айында жекпе-жек өткізуге дайындалып жатыр екен. Бұрнағы күні екі боксшының командасы жекпе-жек туралы келіссөз жүргізіп жатыр. 

Жарнама

Живи спортом!