Профи-бокс
7 тамыз 2017 11:21
 
Абель Санчес Головкин мен Альварес қандай жағдайда екінші рет кездесетінін айтып берді

  Пікірлер

blog.share

Абель Санчес Головкин мен Альварес қандай жағдайда екінші рет кездесетінін айтып берді ©boxingscene.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандық пен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы қарымта жекпе-жектің шарттары туралы айтып берді.

Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйекке белгіленген. Ол Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. Боксшылар арасындағы келісімшарт бойынша, жеңіліп қалған жағдайда мексикалық боксшы ғана қолдана алатын қарымта кездесу мүмкінідігі бар.

"Алдымен ұл жекпе-жектің қалай аяқталатынын көрейік. Егер ол қарымта кездесу өткізе алатындай жақсы болса, 168 фунтқа өткенге дейін күте алады. Егер жанкүйерлер реванш көргісі келсе, неге олай етпеске. Жекпе-жек 11-12 раундқа созылса, қарымта кездесу өткізуге кедергі көріп тұрғаным жоқ. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы атанған боксшының ары қарайғы жекпе-жектерінде қарсыластарының кім болғанына қарамастан көптеп тамашалайтын болады", - дейді Санчес Fino Boxing басылымына берген сұхбатында.

Осыған дейін Альварес алғашқы жекпе-жекте-ақ кімнің-кім екенін дәлелдеп, қарымта кездесуге мүмкіндік бермейтінін айтқан болатын. Сонымен қатар, ол Головкиннің WBC атағына да таласпайтынын жеткізді.

Жарнама

Живи спортом!