22 күнде 7 жекпе-жек өткізген қазақстандық боксшы чемпиондық белбеу үшін кездесу өткізеді
Мұса Тұрсынғалиев. © Instagram
Қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиев (7-0, 6 КО) спорттық мансабында тұңғыш рет титулдық кездесу өткізуге мүмкіндік алды, - деп хабарлайды "Профи Бокс Казахстана" тобы.
22 желтоқсанда Мехикода Тұрсынғалиев жеңіліп көрмеген мексикалық боксшы Хосе Гонсалеспен (6-0, 5 КО) екінші жеңіл салмақта IBF нұсқасы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы атағына таласатын болады.
10 қараша күні кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізген екібастұздық боксшы Мұса Тұрсынғалиев 22 күн ішінде жеті жекпе-жек өткізіп, барлығында да жеңіске жетті.
Осыған дейін боксшының менеджері Генри Ривалта жақын аралықта оның статистикасы Boxrec-те тіркелетінін айтқан еді. 23 жастағы боксшының кәсіпқой бокстағы қарқыны жайлы Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының бас хатшысы Виталий Демьяненко кеше Vesti.kz сайтына берген сұхбатында таңдана айта кетті. "Тұрсынғалиев аптасына үш жекпе-жектен өткізіп жатыр. Адам сенгісіз статистика. Әлде, ол қандай да бір спарринг өткізіп жүр ме? Бұл жағын білмейді екенмін. BoxRec бұл жекпе-жектерде супервайзердің және комиссия мүшелерінің есебін ескереді. Егер бұл нәтижелері тіркелмесе, қандай да бір түсінбесік бар болу керек. Тіпті бір айда үш жекпе-жек өткізудің өзі қиын. Ал ол болса бес кездесу өткізіп үлгерді. Санға жұмыс жасамау керек. Қарсыласының кім болғанына да мән беру керек, - деді Демьяненко.
Айта кетейік, Мұса Тұрсынғалиев Екібастұз өңірінің тумасы. Кәсіпқой боксқа ауысар алдында екі жыл тыңғылықты дайындалған.
Тұрсынғалиев америкалық The Heavyweight Factory компаниясымен жұмыс істеп жатыр. Айта кетейік тағы бір отандасымыз Ивана Дычкода (2-0, 2 КО) осы компанияның қолдауымен өнер көрсетіп жүр.

Жарнама