Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулеріне ие қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жанкүйерлерін мексикалық
Сауль "Канело" Альвареспен болатын жекпе-жегіне шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"16 қыркүйекте Лас-Вегаста көрісеміз", - деп жазыпты Головкин Instagram желісіндегі парақшасына және қаланың суретін де орналастырған.
Альварес - Головкин жекпе-жегі Лас-Вегастаға 20 мың адам сиятын T-Mobile Arena аренасында өтетіні жақында ғана белгілі болды. Мексикалық боксшы бұл жерде екі жекпе-жегін өткізген, ал қазақстандық мұнда алғаш рет жұдырықтасады.
Сонымен қатар, Головкин кәсіпқой боксқа ауысқалы осындай үлкен жекпе-жек өткізуді армандағанын айтты. "Бұл нағыз чемпиондық деңгей болады, жанкүйерлерге ұмытылмас жекпе-жек сыйлаймыз", - дейді GGG.

Жарнама