Үстел теннисінен Ұлттық құрама көшбасшысының бірі Кирилл Герасименко Парижде өтетін Олимпиадаға лицензия алды.
Ол бұл мүмкіндікке көптеген рейтингтік жарысқа қатысып, тұрақты ұпай жинау арқылы қол жеткізді. Бүгін Халықаралық үстел теннисі федерациясының жаңарған рейтингінде (ITTF) ол Азия құрлығында жолдамасы жоқ ойыншылар арасында ең жоғарғы орынға жайғасты.
Айта кетейік, Герасименко осымен 3-рет Олимпиадада сынға түседі. Осыған дейін Кирилл Рио мен Токиода ел намысын қорғаған. Франция астанасында спорттың бұл түрінен жарыс 27 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.