Токиоға өз ақшасымен барған тамақ жеткізуші Паралимпиадада әлем рекордын орнатты
Ресейлік велоспортшы Михаил Асташев Токиодағы Паралимпиада ойындарында әлемдік рекорд орнатып, алтын жүлде жеңіп алды.
Ресейлік велоспортшы Михаил Асташев Токиодағы Паралимпиада ойындарында әлемдік рекорд орнатып, алтын жүлде жеңіп алды.
3000 метр қашықтыққа іріктеу сынында Асташев 3 минут 35,954 секундта мәреге жеткен. Паралимпиадада мұндай уақытты әлі ешкім көрсетпеген.
Осылайша, ресейлік спортшы финалға дейін жетіп, онда алтын жүлде жеңіп алды. Бұл ресейлік спортшылардың осы Ойындардағы төртінші алтыны.
Айта кету керек, Асташев Паралимпиадаға бара алмай қалуы мүмкін еді. Ол Токиоға бару үшін сапарына тамақ жеткізуші болып жұмыс істеп, ақшасын өзі тапқан. Былтыр қыста оны кеңейтілген тізімге қосқан, алайда, бұл санаттағылар жарыстың негізгі бағдарламасына кірмейтіндіктен Асташев Олимпиадаға белгілі бір шарттармен баратын болды.
Жарнама