Президент Паралимпиада жүлдегерлерін марапаттады
©REUTERS
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Токио Паралимпиадасы жүлдегерлерін мемлекеттік сыймен марапаттау туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың сайты.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Токио Паралимпиадасы жүлдегерлерін мемлекеттік сыймен марапаттау туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың сайты.
Осылайша, Давид Дегтярев ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен, Зарина Байбатина, Теміржан Дәулет және Ануар Сариев "Парасат", ал Нұрдәулет Жұмағали "Құрмет" орденімен марапатталды.
Еске салайық, Токио Паралимпиадасында Қазақстан құрамасы бес жүлде жеңіп алды. Дегтярев пауэрлифтингте алтын, Байбатина, Теміржан Дәулет және Ануар Сариев дзюдода күміс және Нұрдәулет Жұмағали жүзуде қола иеленді.
Жарнама