Паралимпиада алтыны үшін қазақстандық спортшыға қанша төленетіні айтылды

©Нұрғали Жұмағазы

Қазақстандық пауэрлифтер Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиадада алтын жеңіп алды.

54 келідегі финалда қазақстандық спортшы 188 келіні көтерді (өзге екі талпынысында - 185 және 186 келі). 

Енді алтын жүлде үшін оған 250 000 доллар беріледі. Дегтярев осымен Паралимпиаданың екінші алтынын алып отыр. Алғашқы алтынды 2020 жылы Токиода алған. 

Еске салайық: қазіргі таңда Қазақстанда Парижде өтіп жатқан Паралимпиаданың үш жүлдесі бар: бір алтын, бір күміс және бір қола. Күмісті мергеніміз Еркін Ғаббасов, ал қоланы ядро лақтыруда Дастан Мұқашбаев жеңіп алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар