Қазақстандық параатлетші Дастан Мұқашбеков Париждегі Паралимпиадаға жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында қола медаль иегері атанды. Дастан 15.74 метр нәтижесімен ядро итеруде үшінші орын алды.
Турнир Парижде 8-17 шілде аралығында өтеді. Жарысқа әлемнің 107 елінен 1 200-ден астам спортшы қатысады. Қазақстан атынан Дастан Мұқашбеков пен Салтанат Әбілхасымқызы өнер көрсетеді. Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты - бұл іріктеу турнирі, онда алғашқы 4-орынға ие болған спортшылар XVII Жазғы Паралимпиадаға жолдама алады.