Қазақстандық жүзуші Парижде Азия рекордын жаңартты

©Туризм және спорт министрлігі

Қазақстандық жүзуші Нұрдәулет Жұмағали Париж Паралимпиадасының финалына жетті, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Пара жүзуден SB13 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Нұрдәулет Жұмағали іріктеу кезеңінде 1:05.11 уақыт көрсеткішімен бірінші болды.

Нұрдәулет осы жылдамдықпен Азия рекордын жаңартқанын айта кетейік

Енді финал Астана уақытымен 22:00-де өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар