Бүгін, 1 қыркүйекте Токиодағы Паралимпиадада қазақстандық жүзушілер жарысқа түседі, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мұның алдында Нұрәли Советқанов пен Нұрдәулет Жұмағали 100 метрге брасс әдісімен жүзу бойынша сынға түскен болатын. Оның қорытындысы бойынша Советқанов төртінші келді (1:10.77) және жалпы есепте сегізінші болғандықтан финалға өтті. Ал екінші келген Нұрдәулет (1:04.97) жалпы есепте үшінші болып, финалға жолдама алды.
Ал қазақстандық өзге жүзушілер жүлдеге таласа алмайды.
Сиязбек Далиев 50 метрге еркін стильмен жүзуде төртінші келді (35.49), бірақ, жалпы есепте тоғызыншы болды. Осылайша, ол алғашқы сегіздік қана өтетін финалға жете алмады.
Ержан Сәлімгереев 100 метрге еркін стильде жүзуде үшінші келді (1:10.89), алайда, жалпы есепте 11-ші болды.