Паралимпиада
9 наурыз 2022 10:39
 

Александр Герлиц шаңғы жарысында Паралимпиаданың финалына өтті

  Пікірлер

blog.share

Александр Герлиц шаңғы жарысында Паралимпиаданың финалына өтті ©Reuters

Қазақстандық шаңғышы Александр Герлиц спринт сайысында Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиаданың финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

Қазақстандық шаңғышы Александр Герлиц спринт сайысында Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиаданың финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Жартылай финалда отандасымыз бірінші алтылықта өнер көрсетті. 1,5 шақырымның қорытындысы бойынша Герлиц екінші болып мәре сызығын кесіп, финалдық жолдамасына қол жеткізді. 

Бұл алтылықта қытайлық Цай Джаюн бірінші болса, неміс Марко Майер үшінші болды. 

Паралимпиададағы спринт сайысының финалы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 12,10-да басталады. Тікелей эфирде бұл жарысты QazSport арнасы көрсетеді. 

Еске салайық, кеше Александр Герлиц биатлон жарысында үздік үштікке еніп, Паралимпиадада қазақстан құрамасына алғашқы жүлде алып берген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!