Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан қоржынына тағы екі жүлде түсті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Байдарка және каноэде есу бойынша қазақстандық Кирилл Тубаев және Тимофей Емельянов жүлделі болды.
Тубаев МК1 1000 метрге сайыста үшінші болды, Емельянов та МС1 1000 метрге қашықтықта қола иеленді.
Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында Азиаданың 33 жүлдесі бар - 3 алтын, 5 күміс және 25 қола.