Басқалары
12 шілде 2017 11:18
 
Токио Олимпиадасына босқындар құрамасы қатысуы мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Токио Олимпиадасына босқындар құрамасы қатысуы мүмкін

Жапония астанасында 2020 жылы өтетін жазғы Олимпиада ойындарына әртүрлі ел мен аумақтардан жинақталған босқындар командасы қатысуы мүмкін. 

Ресейдің Олимпиада комитетіндегі дереккөз хабарлағандай, Халықаралық олимпиада комитеті бұл мүмкіндікті қарауда.

"Босқындарға көмек көрсету жұмыстары жалғасуда, - деп келтіреді "Интерфакс" агенттігі Ресей Олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарламасын. - Әсіресе, Халықаралық олимпиада комитеті 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына босқындар командасының қатысу мүмкіндігін талқылауда». Босқындарға арналған ХОК қолдау бағдарламасы туралы Катар мен Лихенштейннің олимпиада құрылымы жариялады.

Босқын-спортшылардан құралған құрама алғаш рет 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан еді. Команда құрамында ол кезде он спортшы болды, олар спорттың үш түрі бойынша бақ сынады.

Жарнама

Живи спортом!