Токио-2020 Олимпиадасының басталуына санаулы күндер қалып отыр. Бүгінгі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында жазғы ойындардың 95 лицензиясы бар. Күншығыс елінде ел намысын қорғайтын спортшылардың бірі бессайыстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Павел Ильяшенко да бар. Жерлесіміз 2019 жылы Уханьдағы Азия чемпионатында Олимпиада лицензиясын жеңіп алған. Толығырақ Vesti.kz материалында.
- Павел, бүкіл әлемге кері әсерін тигізген жаман аурудың салдарынан Олимпиаданың бір жылға шегерілгені мәлім. Бұл жағдай сізге қаншалықты қиын болды?
Тек маған емес, барлық спорт түрлеріне кері әсерін тигізгені рас. Ресми жарыстар да азайып кетті. Дегенмен көптен күткен Олимпиада ойындары жақындап келеді. Бұл жарысты бәріміз тағатсыздана күттік. Бір жағынан пандемияның пайдасы да бар. Себебі толыққанды дайындалуға уақыт болды. Мен үшін әр Олимпиада үлкен мереке. Осыған дейін 2012 жылы Лондон және 2016 жылы Риодағы Жазғы ойындарда өнер көрсеткенмін. Бұл жолы бұрынғыдай емес, тәжірибем толысып, психологиялық тұрғыда дайынмын.
- Қазіргі таңда физикалық тұрғыда қаншалықты дайынмын деп ойлайсыз?
- Жоғарыда айтып кеткенімдей психологиялық тұрғыда жарысқа дайынмын. Тек осыдан осыдан алты апта бұрын жарақаттанғаным бар. Қазір Токиоға дейін жарақатымды емдеуге күш салып жатырмын. Оның үстіне мен қатысатын жарыс 7-8 тамызда өтеді. Оған дейін дайын боламын деп ойлаймын.
- Токиодағы ойындар жанкүйерсіз өтеді деп жоспарлануда. Оның үстіне спортшылар тек қонақ үй мен спорттық кешен арасында ғана жүруіне болады деген ақпарат бар.
- Жанкүйерлердің болмайтыны қынжылтады. Қанша дегенімен, байрақты бәсекелерде ел намысын қорғаймыз. Жанкүйерлердің қолдауы біз үшін аса маңызды. Әрине пандемия болған соң ұйымдастырушылар қатаң шектеу қойып отыр. Олимпиада ауылынан басқа еш жерге шығармайды. Бір жағынан біз онсыз да Токиоға демалу үшін бармаймыз. Сондықтан шектеу жағынан еш қиындық көріп көріп тұрған жоқпын.