Үкімет басшысы халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Осыған дейін ол Олимпиада-2020 ойындары қатысты соңғы шешім төрт аптаның ішінде Токиода қабылданатынын айтқан. Алайда Томас Бах Олимпиада ойындарын өткізбеу мәселесі қаралмайтынын атап өткен.
"Бұл менің ойындарды толық өткізу стратегияма жауап береді. Егер бұл қиын болса, біз ең алдымен спортшыларды ойлауымыз керек. (Ойындарды – редакция) кейінге шегеру туралы ойлануымыз да мүмкін", - деді Синдзо Абэ.
Сонымен қатар, Жапонияның премьер-министрі халықаралық Олимпиада комитетімен ақылдасатынын атап өтті. Ол өз шешімін G7 тобына мүше елдер, оның ішінде АҚШ президенті Дональд Трамп та қолдайды деген үмітте екенін айтты.
Айта кетейік, Канаданың Олимпиада және параолимпиада комитеті Токиода өтетін дүбірлі додаға спотшыларды жібермейтінін, Олимпиада ойындарын бір жылға шегеруді ұсынған.
Еске салайық, жазғы Олимпиада ойындары Токиода 24 шілде – 9 тамыз аралығында өтуі керек. Алайда әлемдегі коровирус пандемиясына байланысты дүбірлі дода кейінге шегерілуі ықтимал.