Халықаралық теннис федерациясы қазақстандық тағы екі теннисші - Андрей Голубев және Михаил Кукушкин Токио Олимпиадасында өнер көрсету құқына ие болғанын растады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Мұның алдында Олимпиадаға Александр Бублик, Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Ярослава Шведова лицензия жеңіп алған болатын.
Айта кетейік, жоғарыда аталғандарың үшеуі Жазғы ойындарға алғаш қатысса, Шведова үшінші рет барады.
Осы уақытқа дейін қазақстандық теннисшілер Олимпиада ойындарына тек төрт жолдама ғана иеленіп отырған.