Шегерілген Токио Олимпиадасының өтетін уақыты аталды
Коронавирус індетіне байланысты кейінге шегерілген 2020 жылғы Олимпиада ойындары 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығы өтеді, -деп хабарлайды "Р-Спорт".
Бұл туралы Токио ойындарының ұйымдастыру комитетінінң төрағасы Есиро Мори баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді. Ал паралимпиада ойындары 24 тамыз бен 5 тамыз аралығында өтеді.
Еске салайық, биылғы Олимпиада ойындары Токиода 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өткізілу керек еді. Алайда 24 наурызда ХОК президенті Томас Бах және Жапонияның премьер-минстрі Синдзо Абэ коронавирус пандемиясына байланысты Олимпиада ойындарын келесі жылы өткізуге келісті.