Олимпиада-2020
9 желтоқсан 2019 17:20

Ресей барлық спорт түрлері бойынша Олимпиада ойындарынан шеттелді

© news.sportbox.ru
Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (WADA) атқарушы комитеті Ресейді төрт жылға Олимпиада ойындарынан шеттету туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды РИА Новости Ресейдің Допингке қарсы агенттігінің басшысына сілтеме жасап.


Басылымның мәліметінше, Ресейдің Допингке қарсы агенттігі допинг ережелерін бұзып келген.

Мұның алдында 25 қарашада WADA Ресейді төрт жыл бойынша халықаралық жарыстарға қатысу құқығынан айыруға кеңес берген еді. Сондай-ақ, Ресейдің Олимпиада комитетінің басшылығына (атқарушы комиеттің барлық мүшелерін қосқанда) төрт жыл бойы Олимпиада ойындарын көруге және онда қатысуға тыйым салу ұсынылған болатын.

Енді WADA-ның бұл шешімі 21 күннен соң немесе Спорттық арбитраждық сот апелляцияны қараған соң ғана заңды күшіне енеді.

Еске салайық, 2015 жылдың қарашасында WADA Ресейді допинг ережелерін бұзды деп айыптаған болатын.