Олимпиада-2020
3 наурыз 2020 16:18

Олимпиада коронавирус кесірінен шегерілуі мүмкін

© ont.by
Коронавирусқа байланысты өту-өтпеу мәселесі қарастырылып жатқан жазғы Олимпиада ойындары 2020 жылдың соңына шегерілуі мүмкін, - деп хабарлайды "Чемпионат" порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


"Келісімшарт бойынша Олимпиада ойындары 2020 жылы өту керек. Демек ол шегерілуі мүмкін", - дейді Токиодағы Олимпиада және Параолимпиада ойындарының ісі бойынша министр Сэйко Хасимото.

Бүгінде Жапонияда коронавирус жұқтырғандар саны 900-ге жетті. Мұның алдында Токиодағы Олимпиада ойындары көрерменсіз өтуі мүмкін екені айтылған. Балама ретінде Ойындарды телевизиялық режимде трансляциялау қарастырылған. 

Жоспарланған уақыт бойынша Олимпиада ойындары 24 шілдеден 9 тамыз аралығы өту керек.