Олимпиада
7 желтоқсан 2017 15:39
 
Министр: Қазақстан 2018 жылғы Олимпиада ойындарына қатысады

  Пікірлер

blog.share

Министр: Қазақстан 2018 жылғы Олимпиада ойындарына қатысады © koreaqub.com

Қазақстан құрамасы 2018 жылғы Олимпиада ойындарына қатысады. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.

"Бүгін Владимир Путин халық алдында сөз сөйлеп, ынта білдірген ресейлік спортшылардың қатысатынын мәлімдеді. Мен онымен келісемін. Ол спортшылар қай ту астында шығатыны маңызды емес, мұнда еш ереже бұзу жоқ деп анық айтты. Ол спортшыларды жақтаушы, ал мен оның пікіріне қосылам", - дейді Мұхамедиұлы.

Министр қазақстандық спортшылар 2018 жылғы Олимпиадада жетістіктерге қол жеткізу үшін белсенді түрде дайындалып жатқанын айтады.

"Біз жақында Парламентке допингке қарсы қызмет бойынша заң жобасын ұсынамыз. Допингке теріс көзқарастамыз, әрине. Осы заң қабылданғаннан кейін Қазақстанда бұл мәселе болмайды деген ойдамын", - деп атап өтті ол.

Министр ресейлік депутаттың 2018 жылғы Олимпиада ойындарына қатыспауға шақыруына қатысты да өз ойын айтты.

"Бұл көзқарас. Бәрінде бар. Әрбір тұлғаның айтқанына қарай берсек, дұрыс болмайды. Мемлекет ұстанымы бар. Қазір бізде 17 жолдама бар, бұл қуантады. Біздің қазіргі мақсат көбірек жолдама алып, Олимпиадада жақсы нәтиже көрсету", - деді Мұхамедиұлы.

Еске салайық, Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Виталий Милонов БРИКС елдерінің - Беларусь, Қазақстан мен Қырғызстанның Ұлттық Олимпиада комитеттеріне Ресей шеттетілген жағдайда ниеттестік ретінде 2018 жылғы Олимпиада ойындарына қатыспауға шақыған болатын.

Оңтүстік кореяның Пхенчхан қаласында өтетін 2018 жылғы Олимпиада ойындары ақпанның 9-ы мен 25-і аралығы өтеді.

Жарнама

Живи спортом!