Олимпиада
8 ақпан 2018 20:32
 
Қысқы Олимпиада ойындарындағы алғашқы спортшымыз іріктеуден аса алмады

  Пікірлер

blog.share

Қысқы Олимпиада ойындарындағы алғашқы спортшымыз іріктеуден аса алмады zimbio.com

Пхенчхандағы ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде басталмаса да, кей спорт түрлерінен іріктеулер басталып кетті. Бүгін трамплиннен секіру (90 м) сынында Сергей Ткаченко жарыс жолына шығып, іріктеуден өте алмады.

18 жастағы қазақстандық спортшы 51-орын алды. Оның алдындағы 50 спортшы іріктеу кезеңінен өтті.

Сергей Ткаченко үшін жарыс аяқталған жоқ. 16 ақпан күні алып трамплин (125 м) сынында бақ сынайтын болады. Шығысқазақстандық спортшы алғаш рет Олимпиада ойындарына қатысып отыр.

Айта кетейік, Пхенчхандағы Олимпиаданың ашылу салтанаты ертең Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. Қазақстанның туын шорт-трекші Абзал Әжғалиев көтеріп шығады.

Жарнама

Живи спортом!