Олимпиада-2020
15 желтоқсан 2017 11:25
 
Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы Олимпиаданың тоғыз жолдамасын жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы Олимпиаданың тоғыз жолдамасын жеңіп алды Екатерина Айдова. ©ҰОК баспасөз қызметі.

Халықаралық конькишілер одағы Әлем кубогының төрт кезеңінің қорытындысы бойынша 2018 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алғандар белгілі болды. Оның қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы тоғыз жолдама жеңіп алды. 

Біздің елдің қоржынына үш жолдаманы Екатерина Айдова мен Федор Мезенцев алып келді. 

Коньки спортынан Олимпиада ойындарының жолдамалары:
Әйелдер: Еватерина Айдова - 500, 1000 және 1500 метрлік бәсеке.
Ерлер: Роман Креч және Федор Мезенцев 500 метр, Федор Мезенцев, Станислав Палкин және Денис Кузин 1000 метр, Денис Кузин және Федор Мезенцев 1500 метр. 

Айта кетейік, жолдамалар жеке спортшының атына берлімейді. Олимпиада ойындарына қатысатын спортшылардың нақты тізімін бапкерлер құрамы бекітеді.

Спортшыларымыздың ішінде Станислав Палкин ең жасы. Ол Олимпиада ойындарына бірінші рет барғалы жатыр. Кузин, Креч және Айдова Сочи мен Ванкуверде өткен Олимпиада ойындарына қатысқан. Мезенцев үшін бұл екінші Олимпиада. Ол бұған дейін Сочиде өнер көрсетті. 

Еске салайы, бұған дейін шорт-трекшілеріміз он жолдама жеңіп алса, мәнерлер сырғанаушыларымыз қысқы Олимпиаданың үш лицензиясын еншіледі. 

Жарнама

Живи спортом!