Олимпиада-2020
11 қаңтар 2022 08:31

"Қиын жағдайға қарамастан жарысқа қатысты". Бас бапкер Олимпиадаға дайындық жайлы

©olympic

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына дайындықтың соңғы кезеңін жалғастыруда. Бүгін могулшылар Дир-Вэллидегі дәстүрлі әлем кубогі кезеңіне қатысуға АҚш-қа аттанды.

Бас бапкер Елена Круглыхина Olympic.kz сайтына құрамадағы жағдаймен бөлісті.

"Ең алдымен, бүкіл команда мен спортшыларымыздың атынан осы күндері жақындарынан айырылғандардың барлығына көңіл айтамын. Жырақта жүріп, туған-туыстарымызбен, жақындарымызбен байланыса алмай, қал жағдайынан хабарсыз болу біз үшін өте қиын болды. Әрине, үйдегі ахуалдың бізге де әсері оң болған жоқ. Құрамадағы спортшылар жағдайды алаңдап, қобалжыса да, жарысқа қатысты.

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарындағы алғашқы жаттығуымызға да 20 күн қалды. Өз кезегімізде бізге алтын медаль үшін ары қарай барымызды салып дайындалу ғана қалды. Біз қазақстандықтарға күш-қуат тілейміз және бізде бәрі жақсы болатынына сенеміз", - деді бас бапкер.

Айта кетерлігі, Дир-Вэллидегі әлем кубогі кезеңі 13-14 қаңтар күндері өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport