Олимпиада-2020
25 наурыз 2021 19:03

Жапонияда Олимпиада алауы жағылды

Фото: Kyodo ©

Олимпиадалық алау эстафетасы 25 наурызда Фукусимадағы J-Village ("Джей-вилладж") футбол жаттығу орталығының аумағынан басталды,- деп хабарлайды  Kyodo агенттігі.

Эстафета коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі шараларды жүзеге асыру жағдайында өтуде. Әр алауды тасымалдаушыны қауіпсіз қашықтықта Ойындарды ұйымдастыру комитетінің он шақты қызметкері, сондай-ақ болып жатқан оқиғаларды бақылайтын полиция қызметкерлері алып жүреді.

Сонымен қатар, алау әр адамнан ауысқан сайын жаңартылып отыруда. Алауды алып өткен алдыңғы жүгіруші алаңнан кеткеннен кейін ғана келесі алаушы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алады. Ол алаңнан кетпес бұрын мән-жайды ұйымдастырушыларға толық баяндауға міндетті. 

Эстафета 121 күнге созылады және алауды елдің барлық 47 префектурасындағы 859 муниципалитет арқылы өткізу жоспарланған. Эстафетаға 10 мыңға жуық адам қатысады деп күтілуде.

Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтуі керек еді. Алайда, коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты жарыстар бір жылға кейінге қалдырылған болатын. Жазғы Олимпиада ойындары жоспар бойынша 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді.