Олимпиада
7 қараша 2017 09:55
 
ХОК Ресей құрамасын Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатыстырмауы мүмкін

  Пікірлер

blog.share

ХОК Ресей құрамасын Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатыстырмауы мүмкін Сурет: © РИА Новости. Валерий Мельников

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Ресей құрамасын 2018 жылы Пхенчханда өтетін Олимпиада ойындарына қатыстыруы мүмкін. Бірақ Олимпиада кезінде Ресей құрамасының спортшылары әнұрандарын айтпай, доданың ашылу салтанатына қатыспауы ықтимал. Бұл туралы "Р-Спорт" порталы New York Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ресей құрамасының 2018 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуы туралы мәселені ХОК желтоқсан айының басында атқарушы комитеттің жиналысында шешеді. 3 қараша күні Ресей Олимпиада комитетінің басшысы Александр Жуков "Р-Спорт" порталына ХОК-тың шешімі бұрыс болып жатса 2018 жылғы Олимпиада ойындарында Ресей құрамасының спортшылары басқа тудың астында өнер көрсетпейтіндігін айтты.

Дереккөздің мәліметі бойынша, ХОК мүшелері Ресей құрамасын Олимпиада ойындарына қатыстырудың бір жол қарастырып отыр екен. Ол жол бойынша Ресей құрамалары Олимпиада ойындарына қатысады. Бірақ спортшылар доданың ашылу салтанатына қатыспай, дода кезінде әнұрандары орындалмайды. 

Қазан айында Ресей федерациясының президенті Владимир Путин Ресей спортшыларының басқа тудың астында өнер көрсетуі, Олимпиада ойындарына елдің қатыспауымен бірдей деп мәлімдеген еді. 

Айта кетейік, 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындары 9 және 25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтеді. 

Жарнама

Живи спортом!