Алау эстафетасына екі спортшы ғана қатысты - Рио-2016 Олимпиадасының чемпиондары Катерина Стефаниди (сырықпен секіру) және Лефтерис Петруниас (спорттық гимнастика). Олар стадиондағы альтарға от қойды. Алауда қабыл алуға жапниялық спортшылар да келмеді, олардың жолдаған сәлемі видео арқылы көрсетілді.
Осыдан кейін алау ХОК мүшесі және Грекияның Олимпиада комитетінің президенті Спирос Капралосқа берілді, ал ол алауды "Токио-2020" Олимпиадасы ұйымдастыру комитетінің өкілі Наоко Имотоға табыстады.
Осыдан бастап алау 2020 жылғы Олимпиада қаласы Токиоға жер жаһанды аралай жеткізіледі. Олимпиада ойындары 24 шілде мен 9 тамыз аралығы өтуі керек.