Олимпиада-2020
9 ақпан 2018 09:26
 
Галышева финалға шығуына қатысты пікір білдірді

  Пікірлер

blog.share

Галышева финалға шығуына қатысты пікір білдірді Юлия Галышева. © Данияр Майлыбаев

Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева оңтүстіккореялық Пенчандағы 2018 жылғы Олимпиадада могулдан өткен жарыста финалға шығуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Жалпы бірінші мүмкіндіктен-ақ финалға өтіп, 11 ақпанда екінші рет қайта іріктеуден өтпейтініме қуаныштымын. Ертең финал алдында тағы бір рет жаттығамыз. Ал екінші іріктеу өткен соң, яғни, 20 қыз таңдалған соң финал басталады", - деді Галышева.

"Бүгін ауа райы да қолайсыз болды. Бірде жылы, бірақ ештеңені көрмейсің. Жарыс басталғанда шамды қосып қойды. Біз прожекторлармен дайындалдық. Күн бірде шығып, бірде кіріп кедергі келтірді", - деді қазақстандық фристайлшы.
 
Еске сала кетейік, бүгін, 9 ақпанда қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева 2018 жылғы Олимпиаданың финалына шықты.  Галышева 76.36 ұпай жинап, жетінші болды. Осылайша ол бірінші мүмкіндігінен дода финалына шықты. Финалға он үздік шыққан. Бұл іріктеуде француз спортшысы Перрин Лаффон 79.72 ұпай жинап, көш бастап тұр. Финал 11 ақпанда өтеді.

25 жастағы Галышева карьерасында осымен үшінші Олимпиадаға қатысып отыр: 2010 жылы 11-орын, 2014 жылы жетінші орын алған. Ал 16 жастағы Әмренова Олимпиадаға тұңғыш рет қатысып отыр.

Жарнама

Живи спортом!