Олимпиада-2020
12 ақпан 2018 16:56
 
Галина Вишневская Олимпиада ойындарының пасьют жарысында 20-орынға жайғасты

  Пікірлер

blog.share

Галина Вишневская Олимпиада ойындарының пасьют жарысында 20-орынға жайғасты Галина Вишневская. Сурет: Reuters©

Қазақстандық биотлоншы Галина  Вишневская 10 шақырымға із қуу жарысында 20-орын алды. Бұл сында неміс қызы Лаура Дальмайер топ жарды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Жарыс жолына 30-шы болып шыққан отандасымыз төрт ату аймағында небәрі бір рет қате жіберді. Отандасымыздың уақыты 33:05.9. 

Бұл сында бірінші орында неміс қызы Лаура Дальмайер алды. Ол жарыс жолында бір рет ғана қателесіп, 30:35.3 уақытымен мәре сызығын бірінші болып кесті. Екінші орынға словакиялық Анастасия Кузмина жайғасты. Ол нысана көздеуде төрт рет қателесіп, Дальмайерден +29.4 қалып қойды. 

Үздік үштікті италиялық ару Анайс Бесконд түйіндеді. Ол бар болғаны бір рет қателесіп, неміс қызынан +29.6 секундқа қалып қойды. 

Бұл сынға қатысқан тағы бір отандасымыз Дарья Климина мәре сызығын 57 болып кесті. Ол көшбасшыдан +7:24.7 қалып қойды. 

Айта кетейік, Лаура Дальмайер Пхенчандағы Олимпиадағы ойындарындағы екінші алтын жүлдесіп жеңіп алды. Бұған дейін ол 7,5 шақырымға спринтте топ жарған болатын. 

Жарнама

Живи спортом!