"Ел абыройын қорғап келеміз деген сенімдемін". Қамшыбек Қоңқабаев президенттен туды алды
Бүгін елордада президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жазғы ойынға баратын спортшылармен кездесіп, еліміздің көк байрағын Қамшыбек Қоңқабаев пен Ольга Рыпаковаға табыстаған болатын. Ақ Ордада салтанатты іс-шараға қатысқан белгілі былғары қолғап шебері Vesti.kz тілшісіне қуанышты хабарымен бөлісті.

"Президентіміздің қолынан мемлекеттік Туды қабылдау мен үшін өте үлкен мәртебе және жоғары жауапкершілік. Олимпиада ойындары мен үшін тек спорт жарысы емес, ел намысы сарапқа салынатын, Отан алдындағы борыштың өтелетін нағыз тартысты кезеңі болып есептеледі.
Қазақ боксының қандай екенін бүкіл әлем біледі. Біз қалыптасқан дәстүрді жалғастыру үшін аянып қалмаймыз. Бүгін президент қолынан қабылдаған туымызды көкте желбіретіп, ел намысын абыроймен қорғап келеміз деп сенемін", - дейді боксшы.
Еске салсақ, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы әр Олимпиада ойындарынан алтынсыз қайтқан емес. Отандастарымыз бұл жолы да жеңіс тұғырының биік сатысынан көрініп, еліміздің әнұранын бірнеше рет шырқатады деп сенеміз.
Жарнама