Олимпиада-2020
18 қыркүйек 2021 14:48

Биылғы Токио марафоны 2022 жылы өтетін болды

© olympic.kz

2021 жылғы Токио марафоны биыл өткізілмейді, деп хабарлайды Olympic.kz жарыстың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Марафон 7 наурызда өтуі тиіс еді. Ұйымдастырушылар жарысты 17 қазанға ауыстырды. 

Ал кеше турнирдің COVID-19 пандемиясына байланысты 2022 жылғы 6 наурызға шегерілгені белгілі болды.

2020 жылдың 1 наурызында әйгілі Токио марафоны әуесқойларсыз өтті. Жарысқа 200 кәсіби спортшы қатысты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport