Олимпиада-2020
24 наурыз 2022 10:17

Алтыннан айырылған қазақстандық Олимпиада чемпионы мәлімдеме жасады

©Olympic.kz

2016 жылғы Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов медалінен айырылуына және ұзақ мерзімді дисквалификацияға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Спортшы оның дәлелдері қабылданбағанын мойындады. Бұған дейін ол медалінен айырылып, шеттетілгені хабарланды.

"Достар, Наурыз мейрамында CAS допингке қарсы департаментінің шешімі көңіліме қаяу салды.

Арбитр былтыр тамызда өткен тыңдау барысында дәлелдерімді қабылдамағаны өте өкінішті", - деп жазды ауыр атлет Instagram-парақшасында.

Рахимовтың айтуынша, ол бұл шешімге шағымдануға ниет білдіріп отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport