Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында классикалық спринттік сайыста финалға шыға алмады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Біздің отандасымыз ширек финалдың бірінші алтылығында өнер көрсетіп, мәре сызығын төртінші болып кесті.
Бұл сайыста норвегиялық Йоханнес Клейбо мен швециялық Теодор Петерсон бірінші және екінші болып келіп, финалға шықты.
Еске салайық, іріктек кезеңінде Алексей Полторанин қашықтығын қазақстандық шаңғышы 3 минут 14.43 секундта жүріп өтті. Нәтижесінде ол 13-орынмен ширек финалға шыққан еді.
Бұған дейін шаңғы спортының қыздар арасында сынға түскен отандасымыз Анна Шевченко да финалға шыға алмады. Ол 3 минут 23,56 секунд уақыт көрсетіп, бірінші алтылықта соңғы орын алды.

Жарнама