Олимпиада-2020
24 ақпан 2018 13:22
 
Алексей Полторанин жүлделі орыннан көріне алмады

  Пікірлер

blog.share

Алексей Полторанин жүлделі орыннан көріне алмады Ізтұрған Алдауев

Пхенчханда өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы спортынан ерлер арасындағы 50 шақырымдық спринттік сайыс аяқталды. Қазақстандық Алексей Полторанин жүлделі орыннан көріне алмады.

Жарыс қорытындысы бойынша фин Ийво Нисканен Олимпиада чемпионы атанды. Күміс және қола медальды ресейлік спортшылар Александр Большунов пен Андрей Ларьков иеленді. Ал Алексей Полторанин 15-орында қалып қойды.

Айта кетейік, кеше қазақстандық спортшының бас жаттықтырушысы эстон Мати Алавер шәкірті жүлделі орыннан көріне алмаса, осы маусымдағы барлық жалақысын кері қайтаратынын айтқан болатын.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында бір қола медаль ғана бар. Оны фристайлшы Юлия Галышева жеңіп алған болатын. Ақ Олимпиада ойындары ертең аяқталады.

Жарнама

Живи спортом!