Азиада
3 тамыз 2021 16:55

"Закир жеңді". Бас бапкер Сафиуллиннің Олимпиададағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді

Сурет: olympic.kz, Владислав Семенов©

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалым Кенжебаев Закир Сафиуллиннің Олимпиададағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін, 3 тамыз 63 келіге дейінгі салмақта 1/4 финалда ол аустралиялық Гарри Гарсайдқа есе жіберді.

- Закир жеңді. Бірінші раундта ол басым болды, берді. Екінші раунд, жарайды, сол жаққа жазылсын. Үшінші раундта Закир таза қимылдап, дәл тигізіп отырды, басым жүрді...

 - Закир екінші раундта қандай қателіктер жіберді? Бірінші раундта анық басым болды...

- Артықшылығы айқын болды, төрешілер 3:2 берді, жеңген кезде беру қажет. Кейін сараптама жасау керек. Бірақ енді несін қарайсың? Айқас өтіп кетті. 

- Сәкен Бибосыновтың жартылай финалға шыққаны туралы не айтасыз?

- Сәкен жарады, жартылай финалға жетті, енді бар назарын алдағы айқастарға салуы керек. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport